Отипакс в каплях — инструкция по применению

Инструкция по применению отипакса в каплях, описание действия препарата, показания к применению капель отипакса, взаимодействие с другими лекарствами, применение отипакса (капли) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Отипакс®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Капли ушные 15мл (16г)
Показания к применению:
Атс классификация:
S Средства, действующие на органы чувств
S02 Препараты, применяемые в отологии
S02D Прочие средства, применяемые в отологии
S02D A Анальгетики и анестетики
Фарм. группа:
Препараты для лечения отологических заболеваний прочие. Комбинированные препараты. Код АТС: S02DA30
Условия хранения:
Хранить защищенном от света месте при температуре ниже 25ºС. Хранить в недоступном для детей месте !
Срок хранения:
3 года. После вскрытия флакона использовать в течение 1 месяца. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: Без рецепта
Описание:

Состав отипакса в каплях

Активное вещество отипакса

1 г препарата содержит: феназон 40 мг, лидокаина гидрохлорид 10 мг
1 г препараттың құрамында: 40 мг феназон, 10 мг лидокаин гидрохлориді

Вспомогательные вещества в отипаксе

1 г препарата содержит: тиосульфат натрия, спирт этиловый 96%, глицерин, вода очищенная
1 г препараттың құрамында: натрий тиосульфаты, 96% этил спирті, глицерин, тазартылған су

Показания к применению капель отипакса

Местное симптоматическое лечение и обезболивание при:
  • среднем отите в остром периоде
  • отечном вирусном отите (постгриппозном)
  • баротравматическом отите.
Белгілеріне қарай жергілікті емдеу және ауыруды басуға:
  • ортаңғы отиттің жедел кезеңінде
  • жедел вирустық отитте (тұмаудан кейін)
  • баротравматикалық отитте.

Противопоказания отипакса в каплях

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • инфекционное или травматическое повреждение барабанной перепонки
  • период лактации
  • препараттың құрамдастарына жоғары сезімталдықта
  • дабыл жарғағының жұқпаланған немесе жарақаттық зақымдануында
  • лактация кезеңінде

Побочные действия капель отипакса

Очень редко – местные реакции: раздражение, покраснение, зуд. При появлении этих или других нежелательных реакций прекратите применение этого препарата и немедленно обратитесь к врачу!
Өте сирек – жергілікті реакциялар: тітіркену, қызару, қышыма. Осы немесе басқа жағымсыз реакциялар пайда болса, бұл препаратты қолдануды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз!

Особые указания к применению

Перед назначением врач должен проверить целостность барабанной перепонки. Если барабанная перепонка перфорирована, введение препарата может привести к контакту препарата со структурами среднего уха, вызывая побочные реакции в этих тканях.

Беременность
В настоящее время данные относительно противопоказаний к применению препарата во время беременности отсутствуют, может назначаться беременным женщинам после взвешивания потенциального риска и пользы.

Особенности влияния препарата на способность управлять автотранспортом или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Тағайындар алдында дәрігер дабыл жарғағының бүтіндігін тексеруі керек. Егер дабыл жарғағы тесілген болса, препаратты енгізу препараттың ортаңғы құлақ құрылымдарымен жанасуына әкеп соқтырып, бұл тіндерде жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін.

Жүктілік
Қазіргі кезде препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайтынына қатысты мәліметтер жоқ, жүкті әйелдерге ықтимал қаупі мен пайдасын таразылағаннан кейін тағайындауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді

Дозировка и способ применения

Взрослым закапывать в наружный слуховой проход 2–3 раза в сутки по 4 капли, детям с первого дня жизни по 1-2 капли 2 раза в день. Курс лечения не должен превышать 7 дней.

Перед закапыванием препарата следует открутить белый колпачок и закрутить капельницу. Перевернуть флакон и закапать 4 капли в слуховой проход, слегка нажимая на центральную часть капельницы. После употребления плотно закрутить белый колпачок на капельнице и вложить флакон в упаковку.
Ересектерге сыртқы есту жолына тәулігіне 4 тамшыдан 2–3 рет, балаларға туғаннан бастап күніне 1-2 тамшыдан 2 рет тамызады. Емдеу курсы 7 күннен аспауы тиіс.

Препаратты тамызар алдында ақ қалпақшасын бұрап ашып, тамшылатқышты бұрап бекіту керек. Құтыны төңкеріп және тамшылатқыштың орталық бөлігін жайлап баса отырып, 4 тамшыдан есту жолына тамызу керек. Пайдаланғаннан кейін тамшылатқыштағы ақ қалпақшаны тығыздап бұрап, құтыны қаптамаға салып қою керек.

Взаимодействие с лекарствами

Если Вы принимаете еще какие-то лекарственные средства, обязательно сообщите об этом врачу. При местном применении препарата не наблюдалось взаимодействия с какими-либо лекарственными средствами.
Егер Сіз қандай да бір басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, бұл туралы міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз. Препаратты жергілікті қолдануда қандай да бір дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Передозировка отипаксом в каплях

При условии соблюдения способа применения передозировка невозможна.
Қолдану тәсілін сақтаған жағдайда, артық дозалануы мүмкін емес.

Фармакологические свойства

Препарат оказывает противовоспалительное, местноанестезирующее и анальгезирующее действие. Уменьшение боли и воспаления барабанной перепонки начинается примерно через пять минут после закапывания. Практически полное исчезновение болевого синдрома наступает в течение 15–30 минут.
Препарат қабынуға қарсы, жергілікті жансыздандыратын және ауыруды басатын әсер береді. Дабыл жарғағы ауыруы мен қабынуының бәсеңдеуі тамызғаннан кейін шамамен бес минуттан соң басталады. Ауыру синдромының толығымен дерлік жоғалуы 15–30 минут ішінде басталады.

Упаковка и форма выпуска

По 16 г препарата во флаконе вместимостью 15 мл из темного стекла с накрученной пластиковой крышкой или с алюминиевым колпачком. По 1 флакону вместе с отдельно вложенной гибкой капельницей и инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
16 г препараттан күңгірт шыныдан жасалып, пластик қақпақпен немесе алюминий қалпақшамен бұралған сыйымдылығы 15 мл құтыға құяды. 1 құтыдан бөлек салынған иілгіш тамшылатқышымен және қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.